Бақытбек Есентаевтың туған қарындасы Нағима Есентаева желідегі парақшасында бұрынғы келіні Баян Алагөзованың қайын атасы бауырының сотта жылағанын қоғам талқысына салғанына наразы екенін жазды. Сондай-ақ ол Тұрым Алагөзов жабық режимде өткен соттағы әрекетін жазғаны үшін кешірім сұрайды деген үмітте екенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.
«Кеше әлеуметтік желіден менің бұрынғы келінімнің қайын атасы, құрметті Тұрым Алагөзов ақсақалдың бауырым Бақытбек Есентаевқа қатысты айтқан сөзін көрдім. Өмірлік тәжірбиесі бар ақсақалдың орынсыз сөйлегені менің бауырымның ғана намысына тиген жоқ, сондай-ақ көптеген туыстарымыздың да жанына батты. Сол себепті қарт Алагөзовтың пікіріне қатысты өз ойымды айтпақпын»,- деп бастады ол сөзін.
Есентаева бауырының өз жазасын заңды түрде алғанын және оның жүрегін ауыртып, мұндай жеке мәселені қоғам талқысына салудың дұрыс емес екенін айтты.
«Бақытбек Есентаев түрмеде адал еңбегімен зардап шегушілердің алдындағы жазасын өтеп, қоғам мен мемлекетке түзу жолға түскенін дәлелдеп жүр.
Бұл адам өзінің ойланбай айтқан сөзімен онсыз да жұлым-жұлымы шыққан бауырымның жүрегін жараладым деп ойламайды ма? Ақ шашты ақсақал Тұрым Алагөзов оның ұлы Бақытбектің отбасына үлкен қайғы әкелгенін қалайша түсінбейді?
Әйелінің опасыздығы мен оның өзін ұстай алмауынан шаңырағы шайқалып, екі қызы әке махаббатынсыз қалды, ал, Бақытбектің өзі ұзақ жылдар бойына бас бостандығынан айырылды. Алагөзов ақсақалдың адами тұрғыдағы түсіністік танытуы мен мейірімділігі қайда?»,- деп ашынды ол.
Нағима Тұрым Алагөзовтың аталған сөздерді жазуы үшін моральдық және заңды тұрғыдан еш құқық болмағанын айтты. Сондай-ақ ол өз әрекеті үшін кешірім сұрайды деген зор үміті бар екенін алға тартты.
«Егер ол Баян сұлуға бұйырған ұлын жеңімпаз санаса, солай-ақ болсын. Уақыт — ең әділ төреші. Мен Бақытбек Есентаевты қолдайтын қоғамға мынаны жеткізгім келеді: Менің бауырымның әрекетіне жауапсыз пікір білдірген Тұрым Алагөзовтің Бақытбектің соттағы эмоциясын талқылауға ешқандай моральдық және заңды тұрғыдан құқы жоқ.
Себебі, сот жабық режімде өтті (менің бауырым өз әйелін зорлады деген күдікке ілініп, аталған айып бойынша толықтай ақталып шықты).
Оның үстіне Тұрым Алагөзов сотқа қатыспағандықтан оған бұл фактілер мәлім емес. Процесстің жабық өтуіне байланысты тараптарға белгілі болған жағдай ашық түрде талқыға түспеуі керек еді.
Мен Тұрым Алагөзов ақсақал мұны әдейі жасамады деп ойлаймын, сол үшін көп кешіктірмей кешірім сұрайды деген үміттемін!», — деп жазды Нағима Есентаева».
Еске салсақ, жуырда Тұрым Алагөзов Бақытбек Есентаевтың сотта өз кінәсін түсініп, жылағанын айтқан болатын. Сол себепті қоғамнан келіні Баянды қатаң сынамауды сұрады.