Site icon KAZAKBOL

Наманган соты кедейлерге үй салып берумен айналысқан қорды жапты

20 мамырда Өзбекстандағы Наманган облысының соты «Саховат» қайырымдылық қорын жабу туралы шешім шығарды. Қор өз жұмысын насихаттауды діни материалдарды заңсыз пайдаланды, қайырымдылық мақсатқа аударылған қаражат қор есебінде дұрыс көрсетілмеді деп айыпталды.

Бұған қоса, қор кедей отбасыларға арналған «Саховат-сити» тұрғын үй кешенін қажетті құжаттарсыз сала бастаған.

«Озодлик» дереккөзінің айтуынша, сот Өзбекстан әділет министрлігін қор мүлкін мемлекетке алу мәселесін шешуді міндеттеді.

Наманганда «Саховат» қайырымдылық қорының ісіне қатысты сот 17 мамырда басталды. Сот барысында қор қызметкерлері қызметін насихаттау кезінде хадистерді пайдаланған, бірақ ол жөнінде қор жарғысында жазылмаған.

«Саховат» қайырымдылық қоры екі жыл бұрын жұмыс істей бастаған. Ол Наманган облысының әділет басқармасында тіркелген. Қор мәліметінше, қайырымдылық ұйым шамамен 700 кедей отбасын қамқорлығына алып, 1500-ден астам жетім балаға көмектескен.

Источник

Exit mobile version