Site icon KAZAKBOL

Наргиз Зәкіроваға басқыншылықты сынағаны үшін Ресейге кіруге тыйым салынды

Өзбек әншісі Наргиз Зәкіроваға Ресейдің Украинаға басып кіруін сынағаны үшін федерация аумағына кіруге 50 жылға тыйым салынды.

Мәліметтерге қарағанда, Зәкірова Ташкенттен Мәскеу қаласының Домодедово әуежайына келген уақытта Федералдық қауіпсіздік қызметінің өкілдері оған тыйым туралы құжат тапсырған.

Құжатта әншіге «мемлекеттік қауіпсіздік мақсатында» Ресейге кіруге тыйым салынғаны айтылған. Зәкірова Өзбекстанға қайтуға мәжбүр болды.

Ресейге кіруге салынған тыйым мерзімі аяқталған уақытта Зәкірова 101 жаста болады.

Наргиз Зәкірова 2014 жылы ресейлік Бірінші арнаның «Дауыс» ән байқауында финалға дейін жетіп, содан кейін Ресей эстрадасының танымал әншісіне айналды.

Источник

Exit mobile version