Site icon KAZAKBOL

Нарында жер үшін талас атысқа ұласты, алты адам жараланды

Қырғызстанның Нарын облысында тұрғындар арасындағы жер үшін дау атысқа ұласты. Алты адам жараланды.

Оқиға 7 шілденің түнінде болған. Милицияға Нарын ауданында тыс болып жатқаны хабарланған.

Тергеу мәліметінше, ауылдың 30-40 тұрғыны көршісінің үйіне тас лақтырып, Subaru Outback көлігіне от қойған. Оларға жауап ретінде үй иесі қару алып, бір топ адамға оқ жаудырған.

Алтауы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Үшеуінің жағдайы ауыр делінеді.

Милиция мәліметінше, тұрғындар жер учаскесі үшін дауласқан. Қазір тергеу ісі жалғасып жатыр.

Источник

Exit mobile version