Site icon KAZAKBOL

НАСА халықаралық ғарыш станциясына үшінші миссиясын ұшырды

Пуск ракеты-носителя "Фалькон-9" с космодрома во Флориде

Американың ғарыш агенттігі SpaceX компаниясының кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына үшінші миссиясын ұшырды.

АҚШ уақыты бойынша 10 қараша күні кешкісін (Алматы уақыты бойынша 11 қарашада сағат 08:03-де) Флоридадағы космодромнан «Фалькон-9» зымыран алып жүруші ғарышқа төрт астронавтпен «Крю Дрэгон» кемесін ұшырды.

«Эндьюранс» атындағы кеме 12 минөт 51 секунд өткеннен кейін, «Фалькон-9дан» ажырап орбитаға шықты. Ұшу жоспарына сәйкес, ол Халықаралық ғарыш станциясына бейсенбі күні АҚШ уақыты бойынша сағат 19:10-де (Алматы уақыты бойынша 12 қарашада сағат 06:10-де) қонуы керек.

«Крю Дрэгондун» экипаж құрамында астронавттар Раджа Чари, Том Маршбёрн, Кейла Бэррон және неміс ғарышкері Маттиас Маурер бар. Чари мен Бэррон Айға ұшу үшін НАСА-ның «Артемида» бағдарламасы бойынша дайындықтан өтіп жатыр.

Источник

Exit mobile version