Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азия аймағының өз ұжымдық қауіпсіздік ұйымын құру керегін мәлімдеді. Бұл жайында Назарбаев «Астана клубының» отырысында айтты.
Назарбаевтың пікірінше, Азиядағы болашақ қауіпсіздік жөніндегі ұйымды құрамында 30 мемлекет бар Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі аясында құруға болады.
Қазақстан президенті форумда Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі ұйым Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйыммен (ЕҚЫҰ) бірге тұтас Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады деген пікір айтты. Ол бұл идеяны іске асыру үшін Астанада ЕҚЫҰ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары туралы кеңес және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясының (ASEAN) қауіпсіздік жөніндегі бірлескен жиынын өткізуді ұсынды.