Site icon KAZAKBOL

Назарбаев «Достық» орденін миллиардер Усмановқа тапсырды

Алишер Усманов

Қазақстан президенті I-дәрежелі «Достық» орденін Ресей миллиардері Әлішер Усмановқа тапсырды.

Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Усмановқа бұл орден «мемлекеттік және қоғамдық қызметіне сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін берілген.

Еске салайық, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Усмановты III-дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі» орденімен, ал оның әйелі Ирина Винер-Усманованы II-дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі» орденімен марапаттаған еді.

Биыл тамыз айының аяғында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Усмановқа «Эл-юрт хурмати» орденін тапсырған.

centralasian.org

Exit mobile version