Site icon KAZAKBOL

Назарбаев: Президенттің жұмысы жарлыққа қол қою ғана емес

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото NUR.KZ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге берген сұхбатында қиындығына қарамастан өз жұмысын жақсы көретінін айтты деп хабарлайды Baq.kz.

Баспасөз мәслихатында журналист мемлекет басшысының жұмыс кестесі өте тығыз екенін атап өтті. Мәселен, өткен демалыс күндері президенттің қатысуымен «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылу рәсімі, ИЫҰ саммиті мен күніне 8 екіжақты кездесу өткен.

«Осыған қарамастан демалудың орнына сіздерді осында шақырдық», — деп әзілдеді Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, президенттің жұмысы – бұл жарлық пен заңдарға қол қойып, кездесу өткізу ғана емес. Жұмыстың 90% бұқаралық ақпарат құралдарының назарынан тыс қалады.

«Өз тәжірибем бойынша сіздерге айтарым, бұл мықты денсаулық, күш-қуат мен психологиялық және эмоциялық энергияны қажет ететін ауыр жұмыс. Әрине, бұл іс өзіме ұнағандықтан жұмыстың қиындығына шыдаймын. Конфуцийдің «Сүйікті ісіңді таңдасаң, өмір бойы жұмыс істемейсің» деген сөзі бар ғой. Бірақ, бұл өмір бойы еңбектенбейтіндей жұмыс емес. Бұл қызметте күні-түні тынбай еңбектену керек. Әрине, қиын. Бірақ, мен ертеңгі күнді жоспарлап, өткізіп, кешке соған қуана білуге дағдыланғам. Сіздер де солай жасаңыздар», — деп кеңес берді мемлекет басшысы.

Exit mobile version