Site icon KAZAKBOL

Назима: Қазақстандық шоу-бизнесте бәрін ақша мен таныстар шешеді

Фото: harpersbazaar.kz

Ресейлік музыкалық жобада жұлдызы жанған қазақстандық әнші Назима Жәнібекова отандық шоу-бизнес саласының бар шындығын жайып салды. Тиматидің көңілінен шыққан қазақ қызы өз елінде үлкен жетістікке жету үшін ақша мен таныс болу керектігін жасырмай айтты деп хабарлайды harpersbazaar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Песни» жобасына қатысын асқан танымалдылыққа ие болған Назима Жәнібекова қазақстандық және ресейлік шоу-бизнестерді салыстыра кетті. Әнші өз елінде жетістікке жету үшін ақша мен таныстың болуы шарт екенін айтып отандық өнер саласын сынға алды.

«Қазақстанда өздігінен жетістікке жету қиынға соғады. Әділ өтетін байқаулар біздің елде тыс аз. Жеңіске жетсеңде бірден көтеріліп кете алмайсың», — деді әнші.

Назима отандық шоу-бизнеске кіру үшін талай тырысқанымен бірқатар кедергілердің салдарынан сәтсіздікке ұшырап отырған. Өз елінде жолы болмаған бойжеткен бағын Ресейде сынап көрмек болды.

Фото: harpersbazaar.kz

«Песни» байқауында жоғары деңгейде өнер көрсеткен әнші көптеген ресейлік продюсерлердің оң бағасын алған. Алайда, бастапқыда Тиматидің тобында болған Назима танымал продюсердің қол астында жұмыс жалғастыруға шешім қабылдады.

Ол Black Star лейблімен келісімшартқа отырып, оның ресми мүшесі болып қабылданды.

Фото: harpersbazaar.kz

Отандық эстрадада Назимаға Jah Khalib, Ninety one және Скриптонит ұнайды. Ол болашақта бұл әншілермен дуэт жазғысы келетінін де жасырмады.

Exit mobile version