Site icon KAZAKBOL

Үндістандық әйелдің басынан тірі тарақан табылды

Көрнекі фото

Үндістанның оңтүстігіндегі Ченнаи қаласының дәрігерлері әйел басының ішінен тарақан тауып алды, бассүйектің ішінде де жәндік тірі қалған.

Бұл туралы шетелдік басылымға сілтеме жасап baq.kz хабарлайды

Түн ішінде 42 жастағы әйелдің мұрны қышыған. Кейінірек тыныс алуы қиындап, жергілікті ауруханаға барған. Дәрігерлер төртінші талпыныстан кейін ғана, науқастың басында жәндік бар екенін анықтай алды.

Дәрігерлердің хабарлауынша, мұрын арқылы ішке енген тарақан бас миына өте жақын кеңсірікте тұрып қалған.

Жәндікті алуға 45 минут уақыт жұмсалды.

Exit mobile version