Site icon KAZAKBOL

Нефтетрейдерлер ассоциациясы: Қырғызстанда бензин қарашада 9-10 сомға дейін қымбаттайды

Қырғызстанның нефтетрейдерлер ассоциациясы жанармай нарығындағы жағдайға байланысты бензин мен дизель бағасы қымбаттауы мүмкін деп мәлімдеді.

Ассоциация президенті Қанат Эшатов мәлімдегендей, қыркүйектің басында қырғызстандық компаниялар Ресейдегі зауыттардан бензин тоннасын 700 доллардан алып тұрса, қазір 800-820 доллардан сатып алады. Дизель отынының тоннасы өткен айда 600 доллардан болса, қазір 700-720 доллар болған.

«Компаниялар қазір Ресеймен қымбат бағаға келісім-шартқа отырып жатыр. Қараша айында баға салыстырмалы түрде 9-10 сомға өседі. Қарашаның басында баға аз-аздап тағы қымбаттауы мүмкін, бірақ айдың соңында біршама өседі», — деді ол.

Нефтетрейдерлер ассоциациясы бұрынғы болжамында қазан айында баға 1,-1,5 сомға өседі деп ескерткен. Бұл болжам расында тура келді.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі күндері бензиннің А-95 үлгісі 61,50 сом, А-92 үлгісі 56,95 сом, А-80 үлгісі 54,19 сом, дизель отыны 51,66 сомнан сатылып жатыр.

Қырғызстанның нефтетрейдерлер ассоциациясына жалпы онға жуық компания мүше. Олардың ішінде «Газпромнефть-Азия», «Бишкек петролеум», «Роснефть», «Партнёр Нефть» сияқты компаниялар бар. Олардың дені — импортерлар.

Қырғызстанда жанармайға жылдың сұраныс 1 млн 300 мың тоннадан 1 млн 500 мың тоннаға дейін барады.

Источник

Exit mobile version