Site icon KAZAKBOL

Өнерін көрсетіп, мақтанғысы келген жігіт басымен дуалға бір-ақ соғылды (видео)

Есті жігіт әткеншекте шыр айналып тұрып, дуалға басымен соғылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Оқиға Ресейдегі елді мекендердің бірінде болған.

Видеода көрінгендей, ер адам достарының алдында ерекше өнерін көрсетіп, мақтанғысы келген сияқты. Әткеншекте 360 градусқа айналуға оқталған оған жанындағы қыз-жігіттер мұның қауіпті екенін ескертеді. Жігіт ескертуге қарамастан айналуды жалғастыра береді.

Ол екі рет шыр айналып, осыны үшінші рет қайталауға оқтала бергенде, алға қарай ұшып түседі. Ұшып түседі де, қарсы алдындағы дуалға соғылады.

Видео осы тұстан үзілгендіктен, оқиғаның қалай өрбігені, жігіттің жағдайы қалай болғаны белгісіз.

Exit mobile version