Site icon KAZAKBOL

Нидерландта Мұхаммед пайғамбарға карикатура салуға байқау өтпейтін болды

Герт Вилдерс

Герт Вилдерс

Оңшыл, Азаттық партиясының лидері, Нидерланд парламентінің депутаты Герт Вилдерс осыған дейін өзі жариялаған Мұхаммед пайғамбарға арналған карикатураға байқауды өткізбейтін болды.

«Ислам өліммен, азаптаумен сес көрсету арқылы өзінің айқын бет-пердесін көрсетті. Бірақ мен үшін азаматтардың қауіпсіздігі бірінші кезекте», — деп жазады Вилдерс твиттерге.

Байқау қараша айында Азаттық партиясының кеңсесінде өтеді деп жоспарланған. Жеңімпазға 10 мың доллар сыйақы тағайындаған. Нидерланд билігі сөз бостандығын алға тартып, байқау өткізуге тыйым салмаған.

Вилдерстің жоспары Пәкістанда наразылық туғызып, Карачиден Нидерланд елшісін қуып шығуды талап етті. Гаагада 28 тамызда Фейсбук арқылы Вилдерсті әлеуметтік желіде өлтіремін деп қорқытқан пәкістандықты ұстады. Нидерланд сыртқы істер министрлігі Пәкістанға жоспарлаған сапарларынан бас тартты.

Вилдерс өзінің антиисламдық мәлімдемелері үшін, үнемі ескерту алып отырады. Былтыр наурыз айында сайлау кампаниясы кезінде, егер премьер-министр болып сайланатын болса, бірінші кезекте мұсылман-мигранттарға шекараны жабатынын, Құранды сатуға тыйым салатынын, мешіттерді жабатынын мәлімдеген. Нидерландта шамамен халықтың бес пайызы — мұсылмандар.

centralasian.org

Exit mobile version