Site icon KAZAKBOL

Әнші Сивидің мұнай магнатының қызы екені рас па?

СИВИ МАХМУДИ. ФОТО: JULDYZ.KZ

Сиви Махмуди. Фото: juldyz.kz

Әнші, актриса Сиви Махмуди өзін мұнай магнатының қызы болғандықтан еріккеннің ісімен айналысып жүр дейтіндерге жауап берді, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте ғаламтор желісінде жиі талқыланып жатқан «Соқыр махаббат» фильмінің арнайы таныстырылымы өтті. Оған фильмнің бас продюсері әрі басты рөлдерді сомдаған Сиви Махмуди мен Ренат Басит арнайы қатысып, көрермен сұрағына жауап берді.

Өз сөздерінде өнер иелері кино туындының түсірілімі оңайға соқпағанын, әсіресе соқыр қыздың рөлін сомдарда актриса біраз қиналғанын мәлім етті.

Дегенмен Сиви Махмуди өзінің көзі нашар көретіндіктен және соқыр бойжеткенмен араласу арқылы өзіне жүктелген міндетті ойдағыдай ойнап шықтым деп есептейді. Актриса үшін кино желісіндегі ең қиын да қорқынышты сәт автокөлік жарылысы болыпты.

«Өзім образға кіріп, қиналып тұрғанымда артымда көлік жарылды. Ешқандай қойылым емес, шынайы жарылыс. Өзім кішкентай ғанамын, ұшып кетемін бе деп қатты қорықтым» деген өнер жұлдызы мұндай рөлді кәсіби білімі бар актерлердің кейбірі ойнай алмайтынын мәлім етті.

Сонымен қатар әнші әрі актриса өзін «мұнай магнатының қызы болғандықтан бірде ән айтып, енді бірде кино түсіріп, сонымен қатар бизнесін дөңгелетіп, еріккенің тірлігін жасап жүр» деп сөгетіндерге жауап та берді.

«Менікі еріккендік емес, Аллаға шүкір, дауысым да, талантым да бар. Мен өз жұмысымды кәсіби тұрғыда жасап жатырмын. Түрім мен бойыма, талантыма келсек, менде бәрі «идеально». Сахнада түрі де, дауысы да жоқтар жүр ғой. Сол себептен мені сынайтындарға қолдарынан келсе өздері де жасасын дегім келеді», — дейді Сиви.

Тағы бір атап өтерлігі, шоу-бизнес өкілі ауылды жерге тұрмысқа шығып, сиыр сауып жүруді өзіне жат санайды.

«Қиын сұрақ, мен өзім кішкентайымнан қалалық жігітке, аспаз адамға тұрмысқа шықсам деп армандайтынмын. Шыны керек, өзім асүйге жоқпын, онша ұнатпаймын. Аллаға шүкір, Құдай маңдайыма өзім қалағандай жігітті, жолдасты сыйлады маған. «Капризный» емес, дайындаған тамақты жей береді, керек десе өзі де дайындай салады.

Сол үшін ауылды жерде тұра алмайтын сияқтымын. Аққа жақ демекші, Алла әркімнің маңдайына жазады ғой», — деп ойын түйіндеген Сиви Махмуди өнерде де, өмірде де үнемі қолдау білдіріп жүрген жолдасы мен бауырларына көпшілік алдында алғыс айтты.

Ерекше атап өтерлігі, «Соқыр махаббат» фильмінің желісі қарапайым ғана көлік жүргізушісінің идеясы екен. Кино туындыдағы дубляжды актрисаның өзі жасамағандықтан Махмуди ханымға ұнамай қалыпты.

Exit mobile version