Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, бас мүфтиі болып Нуриддин Холикназаров сайланды. Ол бұл қызметке Уламалар кеңесінің сейсенбі күнгі кеңейтілген отырысында таңдалды.
53 жастағы Нуриддин Холикназаров 2019 жылдың тамыз айынан бері Ташкенттің бас имам-хатибы болып қызмет атқарған. 1992 жылы Бұхарадағы «Мир-и Араб» медресесін, 1998 жылы Имам Бухари атындағы ислам институтын, 2007 жылы Ферғана мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Түрлі жылдары Асакадағы «Ахмадали Мухмуд» және Юнусабад ауданындағы «Ок тепа» мешіттерінің имам-хатибы, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының Әндіжан облысындағы өкілі және Әндіжан облысының бас имам-хатибы қызметтерінде істеген.
Өзбекстанның бұрынғы бас мүфтиі Усманхан Алимов биыл 15 тамызда 72 жасқа қараған шағында қайтыс болған.