Site icon KAZAKBOL

NYT: Ресей тыйым салынған қаруды Украинада бірнеше мәрте қолданған

Ресей әскері украин қалалары мен ауылдарын халықаралық конвенциялармен тыйым салынған қарулармен үнемі атқылап жатыр. Бұл туралы The New York Times газеті жаңа зерттеуінде жазды.

Басылым журналистері Украинада түсірілген мыңнан астам суретті зерттеп, онда қолданылған қару-жарақтың екі мыңнан астамының түрін анықтаған. Басылым мәліметінше, олардың дені дені — тұрғын аудандарды атқылауға тыйым салынған нысанаға дәл тимейтін қарулар.

330-дан астам қару-жарақ тұрғын үйлерде немесе соның маңында жарылған. Солардың 210-ы халықаралық конвенциялармен тыйым салынған кассеталық қару-жарақ, делінген зерттеуде. Қарудың мұндай түрі әуеде жарылған уақытта жүздеген шаршы метр жердегі элементтерді тас-талқан етеді.

Басылым зерттеуінде флештатталар — шағын металл ұштықтары бар қарулар да қолданылғаны, мұндай қару адам денесін қатты зақымдайтыны айтылған.

Материал авторлары Ресейдің тыйым салынған қару түрлерін Украинада қаншалықты жиі қолданғанын ұрыс жүріп жатқанын дәл анықтау мүмкін еместігін ескертті.

Бұның алдында CNN телеарнасы ақпанның аяғында Ресей армиясының генералы Александр Журавлёв Харьковты «Смерч» кассеталы қару-жарақпен атқылауға бұйрық бергенін растаған.

Бұған дейін әлемдік қауымдастық Ресейді Сирияда кассеталы бомба қолданды деп айыптаған. Ресей қорғаныс министрлігі бұны жоққа шығарды, бірақ 2019 жылы оларды Сириядағы ұрыста қолданылған қарулар көрмесінде көрсетті.

Ресей де, Украина да кассеталы қару-жарақ қолдануға тыйым салатын Конвенцияларға қосылмаған.

Источник

Exit mobile version