Site icon KAZAKBOL

Оңтүстік Корея соңғы алты жылда бірінші рет Солтүстік Кореяны «дұшпан» деп атады

Оңтүстік Корея алдағы екі жылға арналған қорғаныс бағдарламасында Солтүстік Кореяны «дұшпан» деп атады. Сеул соңғы алты жылда бірінші рет Пхеньянды осылай атап отыр.

«Солтүстік Корея үнемі бізге қауіп төндіріп, ядролық бомбасынан бас тартпай келеді. Сол себептен Солтүстік Корея үкіметі мен армиясын біздің жауымыз деп атаймыз», — делінген Оңтүстік Кореяның қорғаныс бағдарламасында.

Құжатта Пхеньянның ядролық бағдарламасы қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіріп келеді деп жазылған. Бұдан бөлек Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын былтыр желтоқсан айында Оңтүстік Кореяны «дұшпан» деп атағанын атап өткен.

2022 жылы Солтүстік Корея бірнеше рет зымырандарын сынақтан өткізді. Бұған жауап ретінде Оңтүстік Корея Жапония және АҚШ-пен бірлесіп әскери мүмкіндігін күшейтіп жатыр.

Источник

Exit mobile version