Site icon KAZAKBOL

ОҚО-да аудан әкімі алғыс айту күнінде халықтың ризашылығына бөленді (фото)

Аудан әкімі Маөсат Исаев тұрғындардың қолын алуда. Фото: nur.kz

«Алғыс айту» күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев жұртшылықтың алғысына бөленді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Бәрі де рахмет үшін» атты акция аясында созақтық 100 отбасыға 700 киім таратылды. Тосын сыйлыққа ие болғандардың бірі – көпбалалы ана Жеңіскүл Қалмырзаева.

«Осындай игі істі ұйымдастырып отырған аудан басшылығына алғысымды айтамын. Балаларымызға қажетті киімдерді алдық. Бұл акция жыл сайын өз жалғасын табады деген үміттемін. Бәрі үшін рахмет», — деді көпбалалы ана.

Қайырымдылық шарасы барысында бұдан өзге әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға 10 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.

Айта кету керек, әкімдік бастамасымен қолға алынған акция жергілікті кәсіпкерлер демеушілігімен жүзеге асып отыр.

Exit mobile version