Site icon KAZAKBOL

ОҚО-да мектеп директорының орынбасарын өлтіріп кетті

Көрнекі фото: vesti.dp.ua

Қазығұрт ауданында мектеп директорын орынбасарын пышақтап өлтіріп кетті. Қастандық 15 тамыз күні Тұрбат ауылында болған деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жәбірленушінің мәйіті өз үйінде табылған. Әйелге бірнеше рет пышақпен ауыр соққы жасалған.

Басылымның мәліметінше, жәбірленуші жергілікті мектептердің бірінде мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған. Оқиға орнында Қазығұрт ауданының АІІБ тергеу жұмыстарын жүргізді.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әйелдің көршісі тұтқынға алынған.

«Болған ақпарат Қазығұрт ауданының АІІБ-да Қылмыстық кодекстің 99 бабына сәйкес қабылданды. Жедел жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижесінде жәбірленушінің өліміне кінәлі деп көршісі айыпталып отыр. Ол 1994 жылы дүниеге келген, жұмыссыз. Қазір уақытша қамауда отыр», — деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Exit mobile version