Site icon KAZAKBOL

Оралда бес қабатты жатақхана өртке оранды

Өрт төртінші қабаттағы бөлмеден шыққан.

Оралда бес қабатты жатақхана өртеніп, 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Мой ГОРОД»-қа сілтеме жасап.

Жатақхана тұрғынының сөзіне сүйенсек, өрт төртінші қабаттағы бөлмеден шыққан. Бөлмеде маскүнем ер адам тұрады екен.

БҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жатақхананың өртенгені туралы хабар 20.16-да түскен.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер жөнелтілді. Олар барғанда төртінші қабатта бөлме лаулап жанып жатқан, — деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі басылымға. – 21:00-де өрт ауыздықталып, 22:09-да сөндірілді».

Жатақхана тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сөндірушілер сегіз адамды құтқарған, олардың үшеуі – балалар. Өрт аумағы 25 шаршы метрді құрады.

Exit mobile version