Site icon KAZAKBOL

Орталық Азия елдері Қырғызстанға электр қуатын қарызға береді

Өзбекстан күз-қыс мауысымдарында Қырғызстанға 750 млн кВтс электр қуатын жеткізеді.

Қырғызстанның энергетика және өнеркәсіп министрі Доскул Бекмурзаевтың мәлімдеуінше, бішкек Өзбекстаннан алған электр қуаты үшін ақша төлемейді. Жағдай реттелгенде ол Өзбекстанға қайтарылады.

Сонымен бірге, Түркіменстаннан Қырғызстанға 500 млн кВтс, Ресейден Өзбекстан арқылы 2–3 млрд кВтс электр қуатын жеткізу жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

Қазақстанда да Қырғызстанға 900 млн кВтс электр қуатын береді, кейін ол қайтарылады.

1 қазаннан бастап Тәжікстан Қырғызстанға тәлуігіне 1 млн. КВтс электр қуатын береді.

Қырғызстан энергетика дағдарысын бастан өткеріп жатыр. Оған елдегі қуаңшылық, Тоқтоғұл су қоймасына судың жиналуы себеп болды.

Источник

Exit mobile version