Site icon KAZAKBOL

Орталық Азия елдерінің президенттері 27 қарашада Ташкентте кездеседі

Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі 27 қарашада Ташкентте өтеді. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы 12 қарашада Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген.

Назарбаев кездесу «Ташкентте ойдағыдай өтетініне» сенім білдірген.

Назарбаевтың айтуынша, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасында шешілмеген мәселелер бар. «Қақтығыстардан адам өлім жатыр» деді ол.

Еске салайық, 2017 жылы қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Орталық Азия елдері басшыларының бейресми кездесуін өткізу бастамасын көтерген.

Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы пікір алмасу кездесуі 2018 жылы Қазақстан астанасында өтті. Биыл маусым айында Өзбекстан сыртқы істер министрлігі екінші басқосу күзде Ташкентте өтетінін хабарлаған.

centralasian.org

Exit mobile version