Орталық Азиядағы жеті қалдыққойманы, соның ішінде Қырғызстанның Мин-Куш ауылы мен Майлуу-Суу қаласындағы осындай қоймаларды жөндеуге 85 миллион доллар қажет. Бұл туралы Еурокомиссияның бас бағдарлама менеджері Мартин Андерсен мәлімдеді.
Оның айтуынша, шамамен 30 миллион доллар жиналған. «Тағы 50 миллион қажет. Бірақ біз ақша жиналғанын күтіп жатпаймыз. Жоспар дайын. Бізде қор бар. Біз жер сілкіні болып, соның салдарынан радиация тарағанын қаламаймыз», — деді Андерсен.
Бұған дейін хабарланғандай, Лондонда 8 қарашада Орталық Азиядағы уран қалдықоймаларын жөндеу жөнінде халықаралық донорлар конференциясы өтті. Форумда Еуроодақ Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы радиоактивті қалдықтармен күреске қосымша 10 млн евро бөлетіні жарияланды. Бұған дейін ЕО осы мақсатқа 16 млн евро бөлген.
Қырғызстан төтеше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, елде барлығы улы және радиоактивті қалдықтар көмілген орын бар. Олардың 36 пункті Майлуу-Суу қаласында орналасқан. 23 қалдыққоймада уран элементтері көмілген, қалғандарында радиоактивті таулы кендер, ауыр металдар және цианид бар. Улы және қауіпті заттардың жалпы көлемі 2,9 миллион текшеметрді алып жатыр.