Site icon KAZAKBOL

Ошта қаза болған үш ресейліктің ФСБ қызметкері екені айтылып жатыр

Ошта үш ресейлік қаза болған жол апаты оқиғасы бойынша сот-медициналық сараптама дайындалып, тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Ош қаласының милициясы хабарлады.

Бірқатар ақпарат құралдары қаза болған үш адам Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі жанындағы шекара қызметінің әскерлері екенін жазып жатыр. Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі мен Ош бас консулдығы бұл оқиға бойынша ешқандай мәлімет бермей отыр.

Ош қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Абсатар Тавакаловтың сөзінше, оқиға 26 шілдеге қараған түні болған.

«Гапар Айтиев көшесінде шамамен түнгі 1:30 шамасында «Хонда» үлгісіндегі көлік жарнама орнатылған бағанаға соғылған. Сол жерде қаза тапқан үш азаматтың да ресейлік екені анықталды», — дейді Тавакалов.

Қаза болғандардың жасы 47, 40 және 36-да екені айтылып жатыр.

Ошта Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің шағын шекара тобының өкілдігі бар.

Источник

Exit mobile version