Site icon KAZAKBOL

Қостанай облысында екі көршінің ұрысы кісі өлімімен аяқталды

Фото: baq.kz

Оқыс оқиға 16 қараша күні №7 шағын ауданның подъезінде болған.

Оқыс оқиға Қостанай облысының Жетіқара ауданында орын алған, — деп хабарлайды Baq.kzагенттігі alau.kz басылымына сілтеме жасап.
Ақпаратты Жетіқара ауданы прокурорының орынбасары Руслан Өмірзақов растады. Оқыс оқиға 16 қараша күні №7 шағын ауданның подъезінде болған. Сол күні кезекші бөлімге екі көршінің ұрысы туралы ақпарат келіп түскен.

«Оқиға орнына бет алған топ бірінші болып 34 жастағы ер адамның баспалдақта жатқан мәйітін көрген. Жанында балта жатқан. Тергеу барысында оны 29 жастағы көршісі өлтіргені анықталған. Осыдан кейін ер адам өзіне қол жұмсаған», — дейді Руслан Өмірзақов.

Аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, экспертизалар тағайындалды. Тергеу жұмыстарын Жетіқара прокуратурасы бақылайтын болады.
Фото: baq.kz
Exit mobile version