Site icon KAZAKBOL

Қостанайда ірі көлемде қаражат жымқырған аурухана қызметкерлері қамауға алынды

Иллюстративное фото

Оларға 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды.

Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері мен есепшілері мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сүйенсек, 2013-2016 жылдар аралығында Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері К.Ержанова, бас есепші Ә.Жақантаева және есепші-кассир Л.Дабаева кассада қолма-қол ақшаның барын біліп, оны аурухана жарғысынан тыс мақсатттарға жұмсаған.

«Олар тиісті құжаттарды жасамай, заңды айналып өтіп, аса ірі мөлшердегі қаражатты өздерінің қажеттіліктеріне жұмсаған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 9 660 808 теңгені құрады. Аталған экс-қызметкерлерге қатысты ҚР ҚК 176 бабы, 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот талқылауы барысында үшеуі де тағылған айыпты жоққа шығарды», — деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз хатшысы Индира Құсайынова.
Ұзынкөл аудандық сотының үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылды. Оларға 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Exit mobile version