Site icon KAZAKBOL

Қостанайда сыра тиелген көлік өртеніп кетті

фото ҚазАқпарат

Төтенше жағдай Денисов ауданының маңында болған.

Қостанай облысында жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖД-ның баспасөз хатшысы Меруерт Балғиноваға сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Денисов ауданының маңында болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 6 шаршы метр аумақты қамтыған.

«Қостанай-Қарабұтақ» тас жолының бойында «Маз» жүк көлігі өртеніп кетті. Көліктің алдыңғы доңғалағы мен кабинасы, тіркеменің бөліктері жанған. Оқиға орнына жеке құрамның 4 өрт сөндірушісі мен арнайы техникалар жұмылдырылды», — деді ведомствоның өкілі Меруерт Балғинова.
Өрттің нақты себептері анықталған жоқ. ТЖД ақпаратына сенсек, өрт кезінде құны 7 млн теңге тұратын сыра жәшіктері оқшауланды.

Exit mobile version