Site icon KAZAKBOL

Қостанайда түрмеден қашқан қылмыскер жасырынып жүр

фото: alau.kz

Қашқын тонаушылық жасағаны үшін сотталған.

Қостанайда түрмеден бір адам қашып кетті, деп хабарлайды sputniknews.kz, alau.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Қашқын туралы бағыттама әлеуметтік желілерде, қоғамдық орындарда таралды. Ақпаратқа сәйкес, 1987 жылы туған Руслан Юсубов іздестірілуде.

27 қараша күні Қостанайда түрмеден қашқан, бұдан бұрын да сотталған екен.

Бұл жолы «Жәбірленушінің денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтін зорлық көрсетіп, тонаушылық жасау» және «Ұрлық» баптары бойынша жазасын өтеп жүрген. Қылмыскер төрт жылға бас бостандығынан айырылыпты.

Exit mobile version