Site icon KAZAKBOL

Қостанайда әйел 25 жастағы ұлын пышақтап өлтірді

фото: antikor.com.ua

Қайғылы оқиға облыс орталығында болған.

Қостанайлық әйел өзінің 25 жастағы ұлын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды  ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға облыс орталығында болған.

«Сьянов көшесіндегі үйден аяусыздықпен өлтірілген 25 жастағы жігіттің денесі табылды. Жедел-із кесу шаралары бойынша күдікті ұсталды. Жігітті пышақтаған өзінің анасы екені анықталды», — деп мәлімдеді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.
Қазіргі уақытта «Кісі өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

Exit mobile version