Site icon KAZAKBOL

Отандық блогер жыныстық қатынасқа түсу үшін жұмыста түскі үзіліс енгізуді ұсынды

Жыныстық қатынас. Фото: funnyjunk.com

Танымал блогер Аида Джексен Facebook парақшасында министр Тамара Дүйсеноваға ұсыныс жолдады. Ол жыныстық қатынасқа түсу үшін жұмыскерлерге түскі үзіліс енгізу қажет деп санайды. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аида шведтердің түскі үзіліс кезінде жыныстық қатынасқа қосымша бір сағат үзіліс беру тәжірибесін Қазақстанға да енгізуді ұсынып отыр.

Еске салсақ, Эвертурнео қаласының муниципалды кеңес мүшесі Пер-Эрик Мускос елінде жыныстық қатынас үшін түскі үзіліс уақытын бір сағатқа көбейтуді ұсынған болатын. Ол ғалымдардың жыныстық қатынас адам денсаулығын нығайтып, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартады деген ұйғарымын алға тартқан.

Бұл бастаманы қолдап отырған отандық блогер еліміздегі шенеуніктерге де осындай жағдай жасамаса, олар динозавр секілді жойылып кетеді деген болжам жасады.

«Құрметті, Тамара Дүйсенова. Сіз міндетті медициналық салымдар туралы заңды сәтті енгізе алдыңыз, енді біздің еңбек күнімізге Швецияның үздік тәжірибесін де енгізіңіз. Әйтпесе, біздің шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер динозавр секілді жойылып кетіп жүрер. Ал жыныстық қатынастың не екенін Википедиядан қарап алсаңыз болады», — деп жазған Аида Джексен.

Жанар Дәуітованың материалынан аударылды.

Exit mobile version