Site icon KAZAKBOL

Отандық танымал актер 15 мың долларға той басқарудан бас тартқанын айтты (видео)

Бауыржан Ибрагимов. Скриншот: YouTube

Елімізге белгілі сатирик Бауыржан Ибрагимов өзін 15 мың долларға той басқаруға шақырған ұсыныстан бас тартқанын айтты. «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының бас директоры кәсіби актер бола тұра, жұрт алдында микрофон ұстап, той басқаруды өзіне ар санайтынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ. 

«Жақында Ақтауға той басқаруға асаба ретінде шақырды. 15 мың доллар береді. Мен бармаймын дедім, олар таңғалды. Мен кәсіби актер екенімді және тойға бармайтынымды айттым. Бұл менің беделімнен де төмен. Мен біреудің алдында сүмірейіп микрофон ұстап тұрғанша, қара нан жеймін»,-деді актер.

Еске салсақ, Бауыржан Ибрагимов елімізге белгілі «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының директоры.

 

Exit mobile version