Site icon KAZAKBOL

Отставкаға кеткен Аман Төлеев депутат болады

Фото : © РИА Новости / Александр Кряжев

Аман Төлеев Кемерово облысының губернаторы қызметінен кетті.

Кемерово облысының сайлау комиссиясының отырысында өңірдің бұрынғы басшысы Аман Төлеевке Кузбасс облыстық кеңесі депутатының мандатын беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан.

«Бүгін Кемерово облысының сайлау комиссиясының отырысында осы мәселе қаралды. Халық депутаттары облыстық кеңесінің депутаты мандаты «Единая Россия» партиясының Кемерово өңірлік бөлімшесінен тіркелген кандидат Амангелді Молдағазыұлы Төлеевке берілді», — деп хабарлайды агенттік.
Ресей президенті Владимир Путин жексенбі Төлеевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Өңірді уақытша Сергей Цивилев басқарады.

Exit mobile version