Site icon KAZAKBOL

Пакеттегі шай бедеулік пен ракқа шалдықтырады

Сарапшылар пакеттегі шайдың нағыз сусынмен ұқсастығы аз екенін ескертеді.

Сарапшылар пакеттегі шай ас қорыту жүйесі мен бүйрекке, сүйекке әсер етіп, бедеулік пен ракқа шалдықтыратынын анықтады, деп хабарлайды  Baq.kz «Дни.ру» сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, пакеттегі шайды ішетін адамдар үнемі хлор мен басқа да қауіпті қосылыстарды тұтынатын көрінеді. Сарапшылар пакеттегі шайдың нағыз сусынмен ұқсастығы аз екенін ескертеді.

Зерттеушілер пакеттегі шай топырақтағы фторидтерді жинайтын ескі жапырақтардан дайындалатынын айтады. Мұндай қосылыстар сүйек пен бүйрекке өте қауіпті.

Пакет өндіретін кәсіпорындар қалташаларды хлормен ағартады екен. Сондай-ақ, қағаз пакеттерде пестицид ретінде қолданылатын эпихлоргидрин болады. Соның салдарынан, шай сумен әрекеттескен соң бедеулікке душар етіп, иммунитетті төмендетіп, тіпті ракқа шалдықтырады.

Басылымның жазуынша, пакеттегі шайды бір емес, бірнеше рет қолданатын немесе үнемі осындай шай ішетін адамдардың организмінде концентрация ұлғая береді.

Exit mobile version