Site icon KAZAKBOL

Павлодар облысында ер адам екі жасар баласының үстіне ыстық су құйып жіберді

Жедел жәрдем. Фото: Nur.kz мұрағаты

Павлодар облысы Шарбақты ауылында әкесі екі жастағы ұлын қайнаған сумен күйдіріп алған деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей оқиға 8 қазан күні болды.

«Кешкі уақытта екі жастағы бала әкесімен моншаға барып, әкесі баланың үстінен байқамай ыстық су құйып жіберген. Нәтижесінде, ұл бала термиялық күйік алған. Денесі 12 пайыз күйік шалған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бүгінгі күні дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты деп бағалауда. Бүлдіршін травматология бөлімінде жатыр», — деді басқарманың баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.

Exit mobile version