Site icon KAZAKBOL

Павлодарда өрттен үш адам қаза тапты

Мереке күндері өрттен үш адам қайтыс болып, бір тұрғын зардап шекті.

Павлодарда мереке күндері өрттен үш адам қайтыс болып, бір тұрғын зардап шеккен, деп хабарлайды  pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою кезіндегі бөлімшелердің қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, өткен тәулікте облыс орталығында екі төтенше жағдай тіркелген.

— Сағат 7.49-да Павлодар қаласы Айманов көшесі, 53 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты үйдің пәтерінде болған тілсіз жаудың салдарынан бір адам қайтыс болған. Сонымен қатар, 20 адам құтқарылған. Оның ішінде төртеуі — бала. 20 желтоқсанға қараған түні сағат 00.56-да Володарский көшесі, 1, мекенжайында орын алған өрттен бір адам ауруханаға жеткізілген, — деп жазылған хабарламада.
Бұдан басқа, 16 желтоқсан күні сағат 06.50 минут кеткенде Железнодорожная көшесі, 3/1 мекенжайында тұрғылықты үйден өрт шығып, екі адам ажал құшқан.

Келесі күні сағат 00.45-те Ломов көшесі, 64 С.Торайғырова атындағы Павлодар мемлекеттік уневерситетінде тұрмыстық техника жанған.

Exit mobile version