Site icon KAZAKBOL

Павлодарда ұйықтап қалған мас адамның қалтасында 845 мың теңге болған

фото pavlodarnews.kz.

Жаңа жыл қарсаңында Успен ауданының тұрғыны ішімдік ішіп, Қайырбаев көшесі маңындағы дүкендердің бірінің жанында ұйықтап қалған.

Павлодарда көшелердің бірінде мас күйінде ұйықтап қалған адамның ұялы телефоны мен жарты миллион теңгеден астам ақшасын қайтарып берген тәртіп сақшысы алғысқа ие болды, деп хабарлайды  pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

— Жаңа жыл қарсаңында Успен ауданының тұрғыны ішімдік ішіп, Қайырбаев көшесі маңындағы дүкендердің бірінің жанында ұйықтап қалған, — деді баспасөз қызметінде. — Қалалық ІІБ Орталық ПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қайрат Қайырбеков әкімшілік учаскеге тексеріс жүргізіп, 62 жастағы тұрғынды анықтаған. Өз еркімен тұрып жүре алатындай халі болмаған ер адамды полиция пунктіне дейін көтеріп апару үшін өтіп бара жатқан адамнан көмек сұраған. Учаскеде ер адам құжаттарын алып шығарғанда қалтасынан ақша орамдары және ұялы телефоны құлап түскен. Қайрат ер адамның ұялы телефонында қызының нөмірін тауып алып, оған әкесінің қатты масайған күйінде екендігін айтты. Кейін 845 000 теңге және құжаттар қолхат жазу арқылы қызына тапсырылды.
Өз кезегінде 62 жастағы аудан тұрғыны полиция капитаны Қайрат Қайырбековке алғысын білдірді.

 

Exit mobile version