Ресей президенті Владимир Путиннің «газ одағын» құру жөніндегі идесы үш ел арасында талқыланады деп мәлімдеді Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков.
Песковтың сөзінше, Путиннің идеясы Ресей, Өзбекстан және Қазақстан газын өзге елдерге, оның ішінде Қытайға тасымалдау үшін арнайы механизм құру болған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин 28 қарашада Мәскеудегі келіссөзінде «Қазақстан мен Өзбекстан аумағы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін «газ одағын» құру мәселесін қарастырған. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды» деген ол.
«Үш мемлекеттің әлдебір одағы» туралы ақпаратты кеше Ресей БАҚ-тары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сілтеп таратқан.
Әзірге Өзбекстан билігінің реакциясы белгісіз.
Песков Қазақстанның солтүстік өңірі Ресейдің Сібір арқылы келетін газына тәуелді екенін айтқан. Сол үшін де Ресей газын Қазақстан аймақтарына тасымалдау қазақ үкіметіне экономикалық жағынан тиімді дейді. Кремль өкілі осы арқылы Астана ондаған млрд доллар үнемдейді дегенді айтты. «Қазақстан үкіметінде екі таңдау бар: Ресей газын алып, солтүстік өңірдің сұранысын қамтамасыз ету немесе жаң газ жүйесін құрып, ондаған млрд доллар жұмсау», — деп есептейді Песков.
Ресей табиғи газды экспорттаушы ең ірі мемлекеттердің бірі. Өзбекстан мен Қазақстан да табиғи газ бар. Бірақ бұл ел ішіндегі сұрнысты қамтамасыз етеді.
Мәскеу Укринаға басып кіргеннен кейін Еуропа елдері қарым-қатынасты азайтып, газ импорттауды да азайтқан. Есесіне, Ресей Қытайға газ тасымалдауды көбейтті.