Site icon KAZAKBOL

Петербургте жарылған кафеде Z-блогер Владлен Татарский мерт болды

Петербургегі Street Food Bar № 1 кафесінде Владлен Татарский деген лақап атпен танымал Z-блогер Максим Фоминнің кеші өтіп жатқан уақытта жарылыс болды.

Татарский қаза тапқанын ТАСС агенттігі дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады. «Интерфакс» мәліметінше, жарылыстан 16 адам зардап шеккен.

Құқық қорғау органдары өкілдерінің ТАСС агенттігіне хабарлауынша, жарықшақтар қосып дайындалған жарылғышты Владлен Татарскийді өлтіру үшін орнатқан. Кафеде блогердің шығармашылық кеші өтіп жатқан. Қолдан жасалған бомба Татарскийге сыйға тартылған мүсіннің ішіне салынған, деп хабарлады ақпарат агенттігі.

Татарский бұрын Донбасста ресейшіл күштер құрамында соғысқан, Ресейдің Украинадағы соғысы туралы мәлімет таратқан. Украин ақпарат құралдары Татарскийді Кремль насихатшысы деп атайды. Ресейлік басылымдардың мәліметінше, шығармашылық кешке 100-ге жуық адам жиналған.

«Фонтанка» басылымының хабарлауынша, бұрын бұл кафе «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожинке тиесілі болған. Демалыс күндері мұнда «Кибер Z фронт» пікір-талас клубы жиналады.

Источник

Exit mobile version