Site icon KAZAKBOL

Полицейлер өмірі туралы кітап жазылмақ

Полицейлер өмірі туралы кітап жазылмақ

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қалам тартып жүрген бірден бір жазушы Жан Ақжановтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Парасат» атты әдеби-шығармашылық кеші Маңғыстау өңірінде басталып та кетті.
«Тәтті жаңбыр», «Дәрігердің жолы», «Алсуа», «Күн саған күлімдейді», «Сенің түнгі күнің», «Дала және тағдыр» атты еңбектерінің презентациясы Маңғыстау облысы Полиция департаментінде өтті.
Жеке құраммен болған кездесуде Жан Мұхарабұлы өзінің осы жанрға қалай келгенін, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда осындай көркем шығармалардың алатын орны зор екенін айтып берді.
Шара соңында офицерлер тарапынан бүгінгі ел тыныштығын күзетіп жүрген полицейлер туралы жағымды кейіпкерімен көркем шығармалар жазу туралы ұсыныс түсті.
Осыған дейін дәрігерлер, жастар, еңбек адамдары туралы жазып, адалдық, адамдықты дәріптейтін шығармалардың авторы атанған жазушы Маңғыстау полицейлеріне олардың өмірі туралы жаңа кітап жазуға уәде етті.

Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті

Exit mobile version