Site icon KAZAKBOL

Полицейлер ұшты-күйлі жоқ болып кеткен 1000 литр арақты тышқандардан көрді

Фото: baq.kz

Үндістанның Бихар штатында тышқандар мың литр тәркіленген алкогольдік ішімдікті ішіп қойған. Бұл туралы жергілікті полицейлер мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

2016 жылдың сәуірінде аталмыш штатта сипрттік ішімдік сатуға және тұтынуға қатаң тыйым салынған болатын. Сол уақыттан бері полиция 900 литрден астам заңсыз алкогольді тәркілеген.

Алайда, тексеріс кезінде сақтау үшін қоймаға қойылған заңсыз ішімдіктің басым бөлігі жоқ болып шықты. Полиция басшылығы ішкі тергеу жұмыстарын бастады.

Полицейлердің өзі оны тышқандар құртты деп отыр. Арақ-шараптың қаншасын кеміргіштер ішіп кеткені әлі нақтылану үстінде.

Штат учаскелерінің мыңға жуық полицейі осы мәселе бойынша есеп беретін болады. Олар спирттік ішімдікті өздері ішіп қоймағандарын да дәлелдеулері керек.

Егер бұл іске полицейлердің қатысы бары анықталса, олар қызметінен қуылып, штат заңын бұзғаны үшін сот алдында жауап береді.

Exit mobile version