Site icon KAZAKBOL

«Проект»: Путин Кабаеваға Ресейдегі ең үлкен пәтерді сатып алып берген

Ресей президенті Владимир Путин Олимпиада чемпионы Алина Кабаеваға Ресейдегі ең үлкен пәтерді сатып алып берген. Ақша Путиннің Кипрдегі Ermira офшоры арқылы төленген. Бұл «Проект» зерттеу жобасында айтылады.

2600 шаршы метрлік пәтер Сочидегі «Королевский парк» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Онда бассейн, кинотеатр, патио және тікұшақ қонатын арнайы орны бар. Пентхаустың дизайнын Валентин Юдашкин жасаған. 2021 жылы ЦИАН бұл пентхаусты «Ресейдегі ең үлкен пәтер» деп атаған.

«Проект» мәліметінше, 2011 жылы пентхаус Олег Рудновтың атына жазылған. Бағасы 90 млн рубль болған.

Зерттеу материалында Рудновтың бұл пәтерді Кабаеваға арнап сатып алып бергені жазылған. Бұдан бөлек пентхаустың үстіндегі екі пәтер Кабаеваның әжесі Анна Зацепилинаның атына жазылған екен.

Бұдан бөлек Путиннің Валдайдағы резиденциясынан 800 метр қашықтықтан 1200 шаршы метрлік зәулім үй салынған. Бұл үй Путиннің досы Юрий Ковальчуктың атына жазылған екен. Дереккөз бұл үйдің де Кабаеваға арнап салынғанын айтады.

Зерттеу мәліметінше, Алина Кабаеваның барлық пәтерінің жалпы бағасы 120 млн доллар болады.

Источник

Exit mobile version