Site icon KAZAKBOL

Прокуратура: Алматыда балалар үйінде тәрбиеленушілерді зорлаған

Иллюстрациялық фото: Комсомольская правда

Прокуратура Алматыдағы № 1 балалар үйінде тәрбиеленушілердің зорланғаны жайлы бірнеше фактіні анықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы қалалық № 1  балалар үйінінің төңірегінде жанжал 2016 жылы ақпан айында 13 жастағы жеткіншек осы мекеменің бұрынғы түлегі өзін бірнеше рет зорлағанын айтқан видеожазба БАҚ қолына түскеннен кейін пайда болған.

Тергеу барысында сараптама балалар үйінің тағы екі тәрбиеленушісінің (ұл мен қыз бала) зорлыққа ұшырағанын анықтаған.

Желтоқсан айының соңында балалар үйінің түлегі сексуальды сипаттағы зорлық әрекеті үшін кінәлі деп табылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар оған педагогикалық жұмыспен айналысуға өмір бойына тыйым салынған еді.

Тергеу нәтижесі бойынша №1 балалар үйіне қатысты қаржы жымқыру, кәмелеттік жасқа толмаған балалармен жыныстық қатынасқа түсу, зорлау баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Exit mobile version