Site icon KAZAKBOL

Прокурор «жиһадшыларға» жаза сұрады

Қоғамда «Жиһадшылар ісі» аталып кеткен процесте сот тергеуі аяқталды. Прокурор айыпталушыларға ұзақ түрме жазасын кесуді сұрады. Бейсенбі, желтоқсанның 6-сы күні Алматының Алмалы аудандық сотының судьясы Қуаныш Әріпов сот отырысында жарыссөз басталғанын мәлімдеді.

Алдымен сөз алған прокурор Дәурен Бұлғымбаев айыпталушылардың «қылмысы толық дәлелденгенін» айтып, Алмат Жұмағұловты тоғыз жылға, Кенжебек Әбішев пен Оралбек Өміровті сегіз жылға соттауды сұрады.

Бұдан соң судья үзіліс жариялап, айыпталушылар мен сотқа қатысушылардың бәріне де «жұма күні таңертең қайта жалғасатын жарыссөзге дайындалып келіңдер» деді.

Бұл іс бойынша 44 жастағы Алмат Жұмағұлов «терроризмді насиxаттау және ұлттық араздықты қоздыру» баптары бойынша күдікке ілінген. 52 жастағы Кенжебек Әбішев пен 48 жастағы Оралбек Өміров «терроризмді насиxаттау» бабымен қамауға алынған.

Айыпталғандардың ешбірі өзін кінәлі деп есептемейді. Қазақстандық құқық қорғаушылардың кейбірі бұл істің «саяси астары» бар деп санайды. Билік бұған дейін олардың әлеуметтік-саяси статусына қатысты ешқандай комментарий бермеген.

centralasian.org

Exit mobile version