Site icon KAZAKBOL

Проверка системы управления войсками (фото)

2019 оқу жылының басталуы қарсанында Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарындағы әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіріліп,  тактикалық-саптық жаттығуларын бастап кетті.

Әскерлердің жауынгерлік даярлығы бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтары барысында өңірлік қолбасшылықтың барлық әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді. Тактикалық-саптық сабақтар аясында бөлімшелердің рота тізбектерінің аймақтарына шығуы іске асырылды, жылжымалы басқару пунктері өрістетілді, аймақтық қорғаныспен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды, стационарлық және жылжымалы басқару пунктерін орналастыру жүргізілді, сондай-ақ, радио жаттығулардың іс-қимылы пысықталды.

«Жаңа оқу жылында Қорғаныс министрінің, Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының және өңірлік қолбасшылық қолбасшысының нақты тапсырмаларын алдық. Негізгі бағыт ауқымды оқу-жаттығуларға жан-жақты дайындалу және халықаралық армия ойындарына белсене қатысу болып тұр», — дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Нұрлан Алдияров.

Жаңа 2019 оқу жылы «Рухани жаңғыру – жауынгерлік рух тірегі» ұранымен өтетін болады.

фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы

Басқармасыныңбаспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72(Whatsapp)

Exit mobile version