Site icon KAZAKBOL

Путин Америка мен Ресей соғысса әлемде не болатынын айтты

pogudx18jeftauke3o.d6bf6a06

pogudx18jeftauke3o.d6bf6a06

Владимир Путин. Фото: You Tube-тен скриншот

Путин Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасы жақсарып кетеді деп үміттеніп жүр. Бұл туралы Ресей президенті режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында мәлімдеді. Көрші ел президентінің ойынша Ресей мен АҚШ ортасындағы ашық қақтығысты ешбір тарап көтере алмайтын еді. Сұхбаттан үзіндіні Showtime арнасы YouTube-ке жүктеген деп хабарлайды NUR.KZ.

«Ашық соғыста АҚШ басым түсер ме еді?», – деп сұрады Стоун. «Ешбір тарап та оны көтере алмайтын еді деп ойлаймын», — деп жауап берді оған Путин.

Сондай-ақ Ресей президенті екі елдің қарым-қатынасының жақсарып кететінінен үмітті екенін жеткізді.

Стоунның «Дональд Трамп билікке келгеннен кейін АҚШ-пен арақатынасты реттеуге мүмкіндік бар ма?» деген сауалына Путин: «Үміт ешқашан өлмейді, бізге ақ шәркей кигізіп, зиратқа апарғанға дейін мүмкіндік бар», — деп жауап берген.

Exit mobile version