Site icon KAZAKBOL

Путин: Еуропа санкияларын алса, Ресей астық экспорттауға дайын

Иллюстративная фотография

Батыс Украинадағы соғысқа байланысты енгізген санкцияларын алып тастаса, Ресей әлемдік азық-түлік дағдарысын еңсеруге әлеулі үлес қосуға дайын.

26 мамырда Италия премьер-министрі Марио Драгимен телефонмен сөйлескен Ресей президенті Владимир Путин осылай деп мәлімдеді, деп хабарлады Reuters.

Мемлекет басшылары Украинадағы жағдайды, азық-түлік дағдарысын және оның кедей елдерге әсерін талқылады. Владимир Путин ұсынған шарт орындалса, Ресей астық пен тыңайтқыш экспорттауға дайын деп мәлімдеді.

Кремльдің хабарлауынша, Путин Марио Драгиге «Азов теңізі мен Қара теңіздегі порттардан шығатын азаматтық кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрекет етіп жатқанын» айтқан. «Бірақ бұған украин жағы кедергі келтіріп отыр», — деген Путин.

Бұған қоса Ресей президенті Италияға газ беруді үзбеуге уәде берген.

Путин мен Марио Драги келіссөздерінің басқа да мән-жайы хабарланбады.

26 мамырда Италияның Ресейдегі елшілігі дипломаттарды шығаруына байланысты визаға құжат қабылдау ісі тоқтағанын хабарлады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметінше, соғысқа дейін әлем нарығындағы астықтың 30 пайызы Ресей мен Украинадан түсетін.

Қара теңіз бен Азов теңізін Ресейдің әскери кемелері бақылайды. Бірінші мамырда Украинаның инфрақұрылым министрлігі Бердянск, Мариуполь, Скадовск және Херсон теңіз порттарын жабу туралы шешім қабылдады.

«Жетілік тобы» елдері Ресей астық нарығындағы жағдайды «гибрид соғыстың» бір қаруы ретінде пайдаланып отыр деп мәлімдеді. БҰҰ наурыз айында азық-түлік 12 пайызға қымбаттағанын жариялады.

Источник

Exit mobile version