Site icon KAZAKBOL

Путин соғыс уақытындағы жарлықтарының жартысынан астамын құпиялаған

«Медиазона» басылымының мәліметінше, Ресей президенті Владимир Путиннің наурыз айындағы жарлықтарының 54% сәуір айындағы 49% құпияланған.

Дәл мұндай көрсеткіш 2002 жылы болған. Ол кездегі жарлықтарының 59% құпияланған. Дәл осы уақытта Екінші шешен соғысы жүріп жатқан. Ал Ресейдің ішінде көптеген терактілер орын алған.

Басылым құпия жарлықтардың көбінде қайтыс болған әскерилерге марапат берілгенін анықтаған. Наурыз айынан бері Украинада қайтыс болған 600 әскериге атақ берілген.

Әртүрлі мәліметтер бойынша, Ресей Украинаға басып кіргелі бері 10 мыңнан 25 мыңға жуық орыс жауынгері көз жұмған. Ал Ресейдің қорғаныс министрлігі ресми мәліметті жарияламай отыр.

Источник

Exit mobile version