Site icon KAZAKBOL

Путинге біртүрлі қараған министр желіде жұлдыз болды (видео)

Скриншот: Александр Тверской / Facebook

Владимир Путинмен қол алысқанда біртүрлі қараған елдің Мәдениет министрі Владимир Мединский көпшіліктің талқысына түсті. Бұл туралы NUR.KZ порталы gordonua.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналист Александр Тверской Facebook парақшасында аталмыш кездесуден үзіндінің видеосын жариялайды. Онда Владимир Путин ғарышкерлермен және шенеуніктермен кездесіп жатып, Мединскиймен де қол алысады. Дәл осы сәтте түрі біртүрлі өзгеріп кеткен Мединский көпшіліктің көңілін көтерген.

Желі қолданушылары президенттің қолын алғанға балаша қуанғанын байқатып қойған министрді «мем кейіпкерге» айналдырып үлгерді.

 

Exit mobile version