Site icon KAZAKBOL

Рамзан Қадыров дерттің дауасы қасиетті Құранда екенін мойындады

Фото: ummet.kz

Құран оқу – көптеген дерттің дауасы. Шешенстан президенті Рамзан Қадыров осындай пікір білдірді деп хабарлайды ummet.kz.

Оның айтуынша, қасиетті Құран Кәрім денсаулықты сақтауда үлкен рөл атқарады.

«Мен, мәселен, өзімді Құранмен емдеймін. Саусағым ауырса да дұға жасаймын», — дейді Шешенстан басшысы.

Сонымен қатар, ол дәстүрлі медицинаның да маңыздылығын әрі оны дамытудың қажеттілігін атап өтті.

«Біз республикамызда медицина саласын дамытуға ден қойдық. Соңғы екі айда Шешенстанда соңғы технологиялық құралдармен жабдықталған үш денсаулық сақтау мекемесі ашылды. Жыл басынан бері елімізге әлемнің жүздеген үздік, білімді дәрігерлері келді. Алайда, Алла Тағаланың құдыреті, аяттары бәрінен үстем», — деді Қадыров.

Exit mobile version