Site icon KAZAKBOL

Ресей Қырғызстан мен Тәжікстандағы базаларының әскери дайындығын күшейтеді

АҚШ пен оның одақтастары Орталық Азияға әскер орналастыруға талпынып жатқан уақытта Ресей Қырғызстан мен Тәжікстандағы базаларының әскери дайындығын күшейтіп жатыр. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді, деп хабарлады «РИА Новости».

«АҚШ пен оның одақтастары терроризммен күресуге көмектесем деген желеумен Орталық Азияға қайтадан әскер орналастыруға талпынып жатыр. Аймақтағы елдерге әскери инфрақұрылым орналастыру туралы өтініштерді ШЫҰ кеңістігінің тұрақтылығына төнген тікелей қауіп деп бағалаймыз», — деп мәлімдеді Шойгу жұма күні Нью-Делиде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің жиналысында.

«Біз Қырғызстан мен Тәжікстандағы ресейлік әскери базалардың әскери дайындығын күшейтіп жатырмыз», — деп мәлімдеген қорғаныс министрі.

Шойгудың пікірінше, «жиырма жыл бойы ауған жерінде болып, асығыс кетіп қалған НАТО елдері онда қалыптасқан жағдайға тікелей жауапты». «Олар жанжалдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының шығынын жабуы тиіс», — деп мәлімдеген Ресей қорғаныс министрі.

Источник

Exit mobile version